Сұхбат

Ана сүті – бұл тек тамақ емес, иммундық қорғаныс

Лариса ПАВЛОВЕЦ, Астана қаласы №1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері

– Сәлеметсіздер ме?! №1 қалалық балалар ауруханасы «Бала жүрегіне жақын аурухана» атағы мен БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры «Алтын тақта­сы­ның» иегері екенінен хабардармыз.­ Осындай атақты аурухананың қаламыз­да­ғы №2 балалар ауруханасынан басты артықшылығы қандай?
– №1 қалалық балалар ауруханасы «Бала­­ жүрегіне жақын аурухана» атағын иелен­гені­не­ 10 жылдан асты. Расында да, бұл мәртебе ДДСҰ ЮНИСЕФ халықаралық сарапшыла­ры­­­мен мойындалған. Бүгінгі таңда 200-ден астам адам жұмыс жасайтын ауруханадағы әрбір медициналық қызметкер емшекпен қоректендіру: баланы кеудеге дұрыс қою, емізу ұзақтығы, жиілігі мәселелері бойынша дұрыс әрі қолжетімді кеңес бере алады. Бала неге жылайды немесе емшекті неге емгісі кел­мейді? Қоспаны неге және қашан беру керек? Біздің емшекпен қоректендіруді тә­жі­­ри­беге енгізу және насихаттау жөніндегі қыз­ме­ті­мізді Үкімет қаулысымен, «Қуан Сәби»­ үкіметтік емес ұйымы және ҚР Ден­сау­лық сақтау министрлігі қолдайды. Ал,­ біздің стационардың басқа ауруханалар­дан­ артықшылығы – біз емшекпен қоректен­ді­ру­дің 10 қағидасын сақтаймыз және ұс­та­­на­мыз, нақтырақ айтар болсақ, емделіп жат­қан балаларды 6 айға дейін тек ана сү­ті­­мен қо­рек­тен­ді­руді насихаттаймыз. 24 са­ғат, яғни тәулік бойы бізде ана мен бала бір­ге­ бо­ла­ды. Сондай–ақ, реанимация бөлім­ше­сі­не балалардың аналары баласының жаны­на­ еркін кіріп, бала кереуетінің қасында емшек сүтін сауады. Қоректендірудің түнгі үзілістері жоқ. Ұзақ уақыт бойы емдеуде жат­қан­ аналармен тобымен бірге үнемі кеңес жүр­гізіп отырамыз. Емшек сүтін алмастыратын қоспаларды қолдануға кеңес бермейміз, насихаттамаймыз.

– Қайырлы күн, Лариса Павловна. Бүгінгі таңда сіздің ауруханаға балалар қандай аурулармен көбірек түседі? Оларды емдеуде қандай жаңашыл әдістерді қолданасыздар?
– Біздің аурухана әртүрлі жастағы балаларды емдейді. Ал, жаңа туған нәрестелер мен 6 айға дейінгі балалардың ауруханаға жиі түсуінің себептері туралы айтар болсақ, қазір көптеген сәбилерде сары ауру, тері жұқпасы, өкпе қабынуы, неврологиялық бұзылулар, яғни сіңір тартылу, аз салмақ қосу байқалады. Кейбір балалар кеуде сүтін нашар емеді, нашар тыныс алады.
Мәселен, балалардың 46,3 пайызы тыныс алу мүшелері ауруларымен және 35 пайызы неврологиялық бұзылулармен госпиталданып жатады.
Емдеудің жаңа әдістерінің негізгі сипаты мүмкіндігінше дәрі-дәрмек терапиясын аз қолдану және балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу стандарттарына сәйкес емдеу. Небулайзерлік аппараттар арқылы ингалияция жолымен емдеу, дәрі тыныс алу жолына түскенде балаларға жақсы тыныс алуға көмектеседі және антибиотиктер берудің, сондай-ақ, дәріні күретамырға енгізудің қажеті болмайды. Жаман әсер қалдыратын және ауыртатын инелер мен дәмді емес таблеткаларды, сироптарды қа­был­­­да­май­ды.

– №2 ауруханадағы секілді сіздердің де емханаларыңыз бар ма? Жалпы,­ неше жасқа дейінгі балаларға меди­ци­налық қызмет тегін көрсетіледі?
– Біздің ауруханада емхана жоқ. Бірақ, алдағы наурыз айында, жаңа ғимаратқа көшіп кеткен №2 қалалық балалар аурухана­сы­ның бұрынғы ғимаратында клиникалық-диагностикалық емхана ашу жоспарлану­да. Емхана бір ауысымда 150 адамды қабыл­дай­ды,­ арнайы мамандардың 18 профилі бойынша кеңес береді: невропатолог, аллерголог, логопед, гинеколог және т.б. балалар саны да, қала аумағы да ұлғайып келеді, емхананың ашылуы азаматтарға көмек көрсету жағдайын жақсартады деп үміттенеміз. Қазақстан Республикасы «Халық саулығы және ден­сау­­лық сақтау жүйесі» қолданыстағы кодексі­не­ сәйкес, дүниеге келгеннен бастап 14 жас­ аралығындағы барлық балаларға тегін меди­ци­налық көмектің кепілденген көлемі шең­бе­рінде тегін медициналық көмек көрсе­ті­ле­ді. Біздің аурухана барлық қызметті те­гін көрсетеді, тіпті бала күтімімен жатқан ана­лар­дың денсаулығы нашарласа, оларға да көмек көрсетіледі.

– Қазіргі кезде жас босанған аналарды екінші күні перзентханадан­ шығарып жатады. Ал, түрлі ауру­лар­­ға қарсы екпелер балаға алғашқы 4 күн ішінде перзентханада салынуы керек қой. Сонда олар осы екпелерді алып үлгере ме?
– Бүгінгі таңда енгізілген бағдарламалардан басқа, перинаталдық технологиялар сапасын жақсарту бойынша жаңа туған аналарды екінші күні үйіне шығарады. Осы уақыт аралығында перзентханада көрсетілім бой­ын­ша екі екпе жасалады: өмірінің алғаш­қы­ сағаттарында гепатит және бірінші күні­ БЦЖ салынады, бұл халықаралық стан­дарт­тар­ға сәйкес келеді. Нәрестелер вак­ци­на­цияның толық курсын қабылдап үлгереді.

– Сіздің ауруханада тәжірибелі мейір­­би­келер тапшы дегенді есті­дім.­­­ Тәжірибем бар. Жұмыс іздеп жүр­ едім. Олардың жалақысы қандай?
– Кадр мәселесі – бізде ғана емес, рес­пуб­­ли­ка бойынша үлкен мәселе. Астана қала­сы бойынша барлық ұйымдарда кадр тап­шы­лы­ғы бар, әсіресе, зертханашы, емдік дене шынық­тыру бойынша нұсқаушы, массаж жасаушылар, палата мейірбикелері сияқты білікті мамандар тапшы. Егер сіз жұмыс істеп жүрсеңіз әкімшілікке сағат 8-ден 18-ге дейін жұмыс уақытында келуіңізге болады немесе өзіңіздің түйіндемеңізді gdb1_glav@mail.ru сайтына орналастырыңыз немесе қабылдау бөліміне қалдырыңыз. Сондай-ақ, кадр бөлі­мі­нен ақпарат алуыңызға болады. Ол үшін 31-66-39 нөміріне хабарласыңыз.
Мейірбикелердің айлығы жұмыс өтіліне, санатына, лауазымына байланысты. Біздің мекеменің жақсы жақтары да бар, ол сіздің айлығыңызға қосымша дифференциалды төлем жасалады, орташа есеппен 10-30 мың теңге қосылады. Біз сізді күтеміз!

– Балам бірге толған жоқ. Кеуде­ сүтіне тоймайды. Дәрігерім бала­ңыз­­дың салмағы қалыпты деп қо­сым­­ша тамақ жазып бермей қойды. Бірақ, ба­лам­ның қарны ашып, жылай береді. Не істеуім керек?
– Сіз өте қамқор анасыз, балаңызды емізуді жалғастырыңыз және 2 жасқа дейін емшек сүтімен қоректендіруге тырысыңыз. Ана сүті – бұл тек тамақ емес, сонымен қатар, иммундық қорғаныс және эмоциялық қарым-қатынас. Егер бала жеткілікті салмақ қосып жатса, жақсы еметін болса, бала тояды.­ Нәресте 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректену керек. Ана сүті жеткіліктілігі бала салмағы мен бойының өсуіне және жасы бойынша даму сәйкестігімен тексеріледі. Әрине, сіз оны қосымша тамақтандыруыңыз керек, қосымша тамақ ретінде көкөніс және жеміс езбелері, жемістер, ботқа, ет беріңіз. Балаға көмектесіңіз, өзі тамақтансын, көп жей берсін. Сонымен қатар, баламен көп сөйлесуіңіз керек, заттарды, адамдарды және жануарларды көрсетіп, атын атап, кітап оқып беріңіз. Баланың көңіл-күйі сізге байланыс­ты. Бала басқа себептермен мазасыздануы мүмкін, олар дәрігер қарауында анықталады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button