Мәдениет

Ана үміті үзілмейді

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ана үміті» премьерасын ұсынды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған бұл шығарма – ана мен бала арасын айырған ғасырлық мұңға, қиын сәттерге арқау болған туынды.

Спектакльде өрілген желі бойынша ерте жесір қалған Батма ананың еріне деген сағынышына енді қос ұлынан қатар ­айырылу қасіреті тап келеді. Сұм соғыс дерті кішкентай ғана бұл үй адамдарын да жалмап өтті. Бала қызығын көріп, келін түсіріп, немере сүйсем деген ана арманы сағымға айналды. Мұнда бәрі бар: мұң мен зар, ыза мен кек, арман мен тілек көрермен жүрегіне жетті.

Премьера аншлагпен өтті. Авторы Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Айтматов атындағы Мемлекеттік сыйлық иегері, драматург Қайрат Иманалиев болса, оны ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлы ана тілімізге ерекше көркем аударған. Қойылымның режиссері Ш.Айтматов атындағы Қырғызстан жастар сыйлығының иегері Уланмырза Карыпбаев спектакльдің сахналық шешімін шебер тапқан.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button