Жаңалықтар

Анаға қамқорлық артық болмайды

ERA_0761

Халықаралық әйелдер мерекесі кезінде Астанадағы №1 қалалық балалар емханасында ашық есік күндері өтті.

Бұл – қаладағы №1 емхананың тұрақ­ты өткізетін дәстүрі. Әйелдер мерекесі қарсаңында өткендіктен болар, осы жолы дәрігерлер жүкті және жаңа босанған әйелдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Шараға жас баласы бар ата-аналар белсене қатысты. Олар нәрестенің өсіп-жетілуі жөнінде, тамақтандыру, ойнату, ой-өрісін дамыту жөніндегі мамандардың кеңесіне жүгінді.

ERA_0764Емхананың учаскелік дәрігері Шолпан Сахиеваның айтуынша, жаңа босан­ған әйелдер күйзеліске жиі ұшы­рай­ды екен. Соның алдын алу үшін ақ халат­ты­лар арнайы дәрістер оқып, бола­шақ ана­ларға ақыл-кеңестерін айтты. «Кей­бір отбасылар жас босанған әйелді қам­қор­лыққа алудың орнына бар шаруаны соның мойнына артып қояды. Баласын да бағып, үйдің күйбең тіршілігін де жайғаған әйел қалжырамай қайтсін?! Егер шаршау ұзаққа созыла берсе, оның соңы күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, қол-аяғын жаңа бауырына алған әйелге жақындары жанашырлықпен қарап, көмектесуі керек. Халқымыз бала қырқынан шыққанға дейін әйел адам күтімде болуы керек деп тегін айтпаған. Ал, егер ана күйзеліске түссе, емханаға келуі керек. Мұнда арнайы психолог-мамандардың, отбасын жоспарлау жөніндегі дәрігерлердің көмегін ала алады» дейді Шолпан Сахиева.

Шараның соңында дәрігерлер емха­на­ға келушілердің сұрақтарына жауап беріп, қолдарына қажетті ақпараттар топтасқан кітапшалар ұстатты.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button