Жаңалықтар

АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Алтыбаева

Кеше Астана қалалық әкімдігінің өкілдері Тәуелсіздік сарайында Ауғанстан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналарымен кездесіп, оларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Қыршын кеткен боздақтар үшін ақ дастарқан жайылды. Ал олардың осы өмірге келулеріне себеп болған қарттардың құрметіне әкімдік тарапынан тарту жасалып, кішігірім концерт көрсетілді.

Ақ дастарқан басында Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасының басшысы Алма Алтыбаева сөз алып: «Біз сіздерді мереке қарсаңында жинап, шексіз алғысымызды білдіргіміз келді. Дендеріңізге саулық, жанұя­ларыңызға амандық тілейміз. Сіздердей ата-аналарға күллі қазақ риза. Өйткені, Ауған соғысына қатысып, қан майданның ортасын көрген ержүрек балаларды тәр­биелеп шығардыңыздар. Олар ел алдындағы әскери борышын орындау барысында қаза болды. Кейін ерліктері ескерусіз қалмай, бәрі де «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды» деді.

Ақ жаулықты аналар да ақ батасын арнап, ел басындағы азаматтардың ісіне ақ жол тіледі.

 

Нұрислам Құспанғали

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button