Басты ақпарат

Аналар екпе алуға шақырады

Елордада бала емізетін, жүкті әйелдер, сол сияқты балаларға Pfizer екпесін салу белсенді жүргізіліп жатыр.

[smartslider3 slider=1010]

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша Нұр-Сұлтан қаласында Pfizer вакцинасын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала бар. Бүгінгі таңда вакциналар егу кабинеттеріне қажетінше арнайы термоконтейнерлермен жеткізілуде. Қазір қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пункті бар, бірақ Pfizer-ді тек медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің медициналық пункттерінде егеді. Жалпы соңғы күндері Pfizer екпесі жеткізілгелі бері оны алуға ниет білдіргендер қатары күрт артып отыр. «Бала емізетін болғандықтан №2 қалалық емханаға алуға келдім. Өзімнің, баламның денсаулығын ойлағандықтан екпе аламын деп шешім қабылдадым. Бәрін вакцина алуға шақырамын. Одан қорқатын ешнәрсе жоқ. Денсаулық бәрінен маңызды» дейді қала тұрғыны Толғанай Әбдіғаниева. Сондай-ақ екпе алған басқа да аналар екпе алудың қауіпсіз, қайта қауіптің алдын алатынын айтып, қала тұрғындарын вакцина алуға шақырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button