Елорда тынысы
Аналарды ардақтады

Халықаралық әйелдер мерекесінде елордалық 32607 көпбалалы ана 8625 теңге біржолғы әлеуметтік төлем алды.
Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға 2,5 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана бойынша филиалы – Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының тізімі бойынша жүргізілді.