Мәдениет

Аналарға арналды

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Анаға сәлем» мерекелік концертін ұсынды.

Кеш барысында аналар туралы, адамзаттың сұлуы – әйелдер жайында әндер шырқалды. Атап айтқанда, Александр Зацепиннің «Көктем ­вальсі», Ескендір Хасанғалиевтің «Сағындым сені», Арно Бабаджанянның «Сұлулық патшайымы», Шәмші Қалдаяқов әндерінен попурри, Астор Пьяцолланың «Libertango», т. б. туындылар әуеледі.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Арайлым Рахымқызы, Алтынай Жорабаева, Светлана Айтбаева, Естай Мұқашев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының ­лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Зарина Омарова, Айдын Жұмабаев, Фарида Жолдасова, Алуа Қалымбекова, Алтыншаш Мұқатаева, Парасат Отан, Ақбота Құснадин, Әкімхан Мәженов, Фируза Рахметова, Дәурен Төлеубаев қатысты.

Үрлемелі оркестр (көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин) және «Alem» заманауи хореография балеті (көркемдік жетекшісі – Бақыт Тәжинов) концертті көркемдеді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button