Елорда тынысы

Аналарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

Елордада 28 267 отбасы жәрдемақы алады. Бұл туралы қалалық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова мәлімдеді.

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны бір жарым жасқа дейін ұзартуды тапсырған болатын. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бір жасқа толмаған барлық бала үшін төлем автоматты түрде жарты жылға ұзартылғанын, ал 1 қаңтардан кейін туған балаға бірден 1,5 жылға тағайындалғанын айта келе, департамент басшысының орынбасары жаңа жылдан бастап бұл жәрдемақының мөлшері де ұлғайғанын жеткізді.

– 2023 жылы бірінші балаға төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемі 5,76 АЕК – 19872 теңгені, екінші балаға 6,81 АЕК – 23495  теңгені, үшінші балаға 7,85 АЕК – 27083 теңгені, төртінші және одан көп балаға 8,90 АЕК – 30705 теңгені құрады. 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отыр­ған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 56794 теңге мөлшерінде, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде. Бұл жәрдемақы қала бойынша 8 мыңнан астам отбасыға ай сайын төленіп отыр, – деді ­Д.Сәдуақасова.

2023 жылы бірінші балаға төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемі 5,76 АЕК – 19872 теңгені, екінші балаға 6,81 АЕК – 23495  теңгені, үшінші балаға 7,85 АЕК – 27083 теңгені, төртінші және одан көп балаға 8,90 АЕК – 30705 теңгені құрады. 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 56794 теңге мөлшерінде, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде. Бұл жәрдемақы қала бойынша 8 мыңнан астам отбасыға ай сайын төленіп отыр

«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 22080 теңгені құрайды. Қала бойынша 6000 ана көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алады.

– Кәмелетке толмаған немесе 18-23 жас аралығында күндізгі бөлімде оқитын төрт және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындалады. Қазіргі таңда 28267 астаналық отбасы осы жәрдемақымен қамтылған. Жұмыс істейтін әйелдерге бала күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеу­меттік төлем ретінде төленеді. Бұл төлемнің мөлшері бала туғанға дейінгі 24 айдың орташа табыс мөлшерінің бөлігі ретінде есептеледі және бала бір жарым жасқа толғанша төленеді, – деді Д.Сәдуақасова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button