Қоғам

Ананың алғысын алды

«Астана ақшамы» газетіне ақ жау­лықты ана өзін емдеген дәрігерге алғыс айтуға келіпті. 

ERM_6733           ERM_6688

Өзін еңбек ардагері әрі зейнеткер Рахима Нұртайқызы деп таныстырған қария қыста көктайғақта құлап, омыртқасын ауыртып алғаннан кейін №2 емханаға көрініпті. Оны осы емдеу мекемесінің мамандары Республикалық ғылыми травматология және ортопедия инс­титутына жіберген. Онда ота жасатудан бас тартқан зейнеткер мануальды терапия орталығына хабарласады. «Мені қабылдаған дәрігер Ходжамжаров Бауыржан Ержанұлы жас маман екен. Сырқатымды сол күні-ақ емдей бастады. Мінезі биязы, өте қарапайым дәрігердің дұрыс емінен кейін жазылып кеттім. Дәрігерлердің бәрі осындай-ақ болсын» дейді Рахима Қылышниязова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button