Қоғам

Аңшылық клуб марапатталды

Астанада қазақ тазысын сақтау және өсіру жөніндегі әлеуметтік жобаға қосқан елеулі үлесі үшін NOMAD ұлттық аңшылық клубының командасы қалалық әкімдіктің сыйлығымен марапатталды.

Ұлттық мұраны сақтау және тазы тұқымын дамыту жөніндегі қоғамдық қор белсенділерінің еңбегі мен қамқорлығы үшін табыс­талған сыйлықты Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы ­Нұрдәулет Әлмұханов тапсырды.

Ал NOMAD ұлттық аңшылық клубы – ұлттық аңшылық дәстүрлерін сақтауға және қазақ тазысын өсіруге құмар әуесқойлардың бірлестігі. Клуб ұжымы мәдени мұраны сақтауға зор үлес қосып, осы ерекше тұқымды кеңінен насихаттауға белсене атсалысуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button