Жаңалықтар

Анкара декларациясы қабылданды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық делегация Анка­рада өтіп жатқан ТүркПА шаралары шең­берінде Ассамблеяның пленарлық отырысына қатысты.

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламентшілері бас қосқан отырыс негізінен ТүркПА-ны құру туралы тарихи келісімнің 5 жыл­ды­­ғына арналды. Алқалы жиынға қаты­су­шылар ұйым аз ғана уақытта мемле­кет­ара­лық қатынастардың дамуы мен ба­уыр­лас елдерді жақындатуға үлес қосып, үн­қатысу алаңына айналғанын атап өтті. Мә­жіліс төрағасы Н.Нығматулин өз ке­зе­гінде ассамблеяның алдағы уақыттағы іс-шараларының бағытына назар аударып, оның өзектілігін бағалады. «Ассамблея алдағы қызметінде айқын күн тәртібін нақтылап, өзінің мүмкіндігін кеңейту мақ­сатында белсене жұмыс істейтін болады» деді Н.Нығматулин. Ынтымақтастықтың жарқын болашағы бағытында тараптар қауіп­сіздік, инновация, мәдениет пен білім сала­ларында өзара байланысты тереңдете түсуді қуаттайды. Пленарлық отырыста Ас­самблеяның басшылық құрамында болатын өзгерістермен таныстырылды. ТүркПА-ның Бас хатшысы болып алдағы төрт жылға Қазақстан Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары Жандос Асанов бірауыздан сайланды. ТүркПА-ның ендігі пленарлық отырысы келер жылы Баку қаласында өтетін болды. Түркі тілдес мем­лекеттер парламентшілері кездесуінің қо­рытындысы бойынша Анкара декларация­сы қабылданды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button