Басты ақпаратЕлорда тынысы

Анкарадан автобуспен жетті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көптеген іс-шаралар өтуде. Әрі жер-жерден бұл ойындарды тамашалауға келетіндердің де саны күн санап көбеюде.

Солардың ішіндегі ең ерекшесі тамыздың 12 күні Анкарадан шыққан саяхатшы отбасы болмақ. Түркия мемлекетінің азаматы Идил мен Бурак ерлі-зайыптылар 2 жасар балаларын алып, 1982 жылғы автобуспен Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін Анкарадан Астанаға жол тартқан. Бір қызығы, олар бұл мінген автобусының атын да көшпенді деп атапты. Әрі оның ішінде барлық тіршілікке қажетті дүниелер бар. Яғни жатын орын, монша, ошақ бәрі де ішінде. 5400 шақырым жол басқан олар кеше Астанаға ат басын тіреді. Оларды қалалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимов қарсы алып, қонақтармен кездесу өткізді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button