Елорда тынысы

Анкараға әуежолы ашылды

Екі астананың арасындағы тікелей әуе қатынастары аптасына екі рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері жүзеге асырылады.

Ал Түркия Республикасының бас қаласынан сейсенбі, жексенбі күндері елордаға ұшып келуге болады. Бұл міндетті Turkish Airlines құрамында 2008 жылы бюджеттік авиакомпания ретінде құрылған Anadolujet компаниясы атқарады. Бастапқыда Түркияның тек ішкі бағыттарға қыз­мет көрсетуге арналған  Anadolujet өз елінде 41 бағытта және әлемнің 26 елінде 40 халықаралық бағыт бойынша қызмет көрсетеді. 2022 жылғы жағдай бойынша  халықаралық рейстердің жалпы жолаушылар сыйымдылығы 7 миллион  орынға жетсе, ішкі рейстерді қосқанда соңғы 10 айда 13 миллион адамды құраған. Қазіргі уақытта 65 әуе кемесі бар. Салтанатты шараға Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи мырза мен Азаматтық авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев және компанияның ресми өкілдері қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button