Шаһар шежіресі

Анна Герман – Целиноградта

Бұл сурет 1974 жылдың 21 тамызы күні Карл Маркс (қазіргі Кенесары) көшесінде түсірілген. Суретте – Ұлттық және халықаралық фестивальдердің лауреаты, эстрада, опера және романс жанрында бірнеше әлем халқы тілінде ән шырқайтын, бұқараға кеңінен танымал кеңес және поляк әншісі Анна Герман.

Қала тұрғындарына концерт беруге «Тың игерушілер сарайына» келе жатқан әншіні «Кафе Целинников» мейрамханасы жанында аймаққа әйгілі фототілші Нұрмұхамат Имамов шырт етіп түсіріп алған.

Кейін осы қалада тұратын журналист ағасы Артур Германға хат жазған әнші: «Целиноград – болашағы зор қала. Маған қатты ұнады» деп пікір білдіріпті. Айтса айтқандай, ширек ғасырдан кейін Есілдің жағасындағы шаһар Қазақстанның бас қаласына айналды. Ал ол суретке түскен көше – қаладағы көрікті де үлкен көшелердің бірі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button