Әлеумет

Анықтау алгоритмі әзірленді

Ішкі істер министрлігі полицияға хабарласуға мүмкіндігі болмай отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жүрген жандарды анықтаудың арнайы алгоритмін әзірледі.

[smartslider3 slider=3223]

«Ішкі істер министрлігі ­полицияға хабарласуға мүмкіндігі болмай отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жүрген жандарды анықтаудың арнайы алгоритмін әзірледі. Яғни зорлық-зомбылық құрбаны құпия сөздер арқылы болған жағдай туралы хабар жеткізе алады. 102-ге хабарласып операторға жасырын сөздерді айтады, оператор өз кезегінде шұғыл шара қабылдап, тұрғынның қайдан хабарласып тұрғанын анықтап, оқиға орнына тәртіп сақшыларын жібереді» деп түсіндірді жаңалықты Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы ­Арман Айтмағамбетов арнайы брифингте.

Зорлық-зомбылық құрбандары полицияға хабарласқанда айтатын құпия сөзді учаскелік инспекторлардан біле алады. «Қандай құпия сөз екенін біз көпшілікке ашық түрде айта алмаймыз. Кейде полиция­ға тікелей хабарласып айта алмаған жандар психолог, дәрігерлер немесе 103 каналы арқылы өз жағдайы туралы жеткізіп жатады. Таяуда ғана бір әйел құпия сөз арқылы полицияға хабарласты. Жедел жасақ барған кезде әйелдің 7 баласы бар болып шықты. Анықталғандай, әйел отбасында зорлық-зомбылықтың бірнеше жыл бойы құрбаны болып келген. Айыпты 5 тәулік қамауға алынып, іс қаралып жатыр» дейді елорданың Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы ­Гүлмира Шырахметова.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button