ЖаңалықтарҚоғам

АПАТТЫ КӨШЕЛЕРДЕ ТЕКСЕРІС КҮШЕЙДІ

Елордалық Ішкі істер департаменті кейбір көшелерден жылдамдық өлшейтін «Вокорд-Циклоп» аппаратты-бағдарламалық кешендерін алып тастады. 

013

«Бұл құрылғыларды шаһардағы жол-көлік оқиғаларына байланысты ахуалды талдау мақсатында орнатқан едік. Бүгінде аталмыш қондырғыларды қаладағы жол-көлік оқиғалары аз жасалатын учаскелерден шешіп, апаттық жағдай жиі болатын жерлерге орналастырдық» деп түсіндірді Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Ведомство өкілінің айтуынша, құрылғыны орнату жұмыстары күрделі болмағандықтан, оларды жолдардың басқа учаскелеріне ауыстыру қиынға түспейді.
Бүгінде мұндай жылдамдық өлшегіштер өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр. «Вокорд-Циклоп» кешендері биылғы ақпанның соңында іске қосылып, 230 миллион теңге көлеміндегі 9300-ден астам жол ережесін бұзу фактілерін анықтады. Жалпы, жыл басынан бері қаладағы фото және бейне құрылғылар арқылы 500 миллион теңге көлемінде 23 мың ереже бұзу оқиғалары тіркелді.
Айта кетейік, бұл сұр түсті құрылғылар өткен жылы тестілік режимде жұмыс істеді. Биыл ақпан айында осындай 21 аппарат іске қосылды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button