Жаңалықтар

Апта айнасы

Гәптің басы – гепатит

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратураға ұсыныс жолдады. 

Апта басында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделіп жатқан отызға жуық
бала гепатитке шал­дық­қан болатын. Ата-аналар мұның бәріне дәрігерлерді кі­нәлауда. «Донор табыл­маған­дықтан науқас балаларға тазартылмаған қан құ­йыпты» деген алып-қашпа әңгімелер де басылар емес. Сондықтан, министрлік аталмыш мәселеге байланысты бірлескен тексеріс өткізу жөнінде Бас про­куратураға ұсыныс білдірді.

Апта фотоайғағы

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен Ішкі істер департаментінің назарына!

Қонағымыз келе қалса, мақтана көрсететін сулы-жасыл желекжол біреулердің ит қыдыртатын орнына айналды.

Апта «керектері»

Мұрат ӘУЕЗОВ, мәдениеттанушы:
– Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің тарихи мұрасына да көңіл бөлуіміз керек.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, Орталық сайлау комиссиясы мүшесі:
– Бұл сайлаудың нәтижесінде ауыл халқының мұң-мұқтажы ескеріліп, ауыл, селоларымыздағы басқару сапасы артып, жергілікті қоғамдастықтар тарапынан сайланған әкімдердің жұмысына тиімді қоғамдық бақылау да қамтамасыз етілуі керек.

Аптаның  «туиттер» тіркестері

Бахытжан Бұхарбаев @Barkorn:
– «Ел болам десең, бесігіңді түзе» мақалын заманға сай «бесігіңді түзейтін қызды түзе» деп толықтырушы едім.

Zharkyn Zhumadilov @tusupbekuly:
– Астана маған өмір сүруді үйретті.

Серікзат Дүйсенғазин @dserikzat:
– Құлшылыққа беріліп таң азанда, Құраннан қуат алып дара Жанға. Қазақтай халқымызға бақ пен бірлік, Тілеген қандай жақсы Рамазанда!

Рахат ЖАҚСЫБАЙ @qazaqia 2:
– Ердоған: «Түркияны қуатынан айырғысы келетін империялық күштер бар. Олар іште де, сыртта да Түркияны жығып бермекке жұмыс жасауда». Бізге де тән.

Әміржан Қосанов @akossanovkz:
– Адами қарым-қатынас пен ара қашықтықтың салыстырмалығы туралы: ат құйрығын түйісу мен кесудің арасынан сол құйрықты құрайтын қыл өтпейді!

Жандарбек Бұлғақов @Zhandarbek:
– Біреу телефоның тыңдалады екен десе, байқап сөйлейміз. Ал екі иықта екі періште әр сөзіңді қалдырмай жазып жатыр десе, аса мән бермейміз.

Жазатайым оқиғаларға жаяу жүргіншілер кінәлі

Жыл басынан бері тіркелген көлік апатының әрбір екіншісі жаяу жүргіншілер жолында орын алған.

ІІМ Жол полициясы комитетінің хабарлауынша, апаттан көз жұмғандардың 30 пайызы жаяу жүргіншілер. Сондай-ақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарақат алғандар саны да 1,5 есеге артқан.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button