Жаңалықтар

АПТА АЛҒЫСЫ

Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы ғимаратында филиал төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов елорданың ең білікті елу дәрігерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының, партияның Астана қаласы филиалы төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтің және өзінің атынан дәрігерлерге алғыс хаттар табыс етті.

«Гиппократтың «Медицина – шын мәнісінде барлық өнердің ішіндегі ең ізгі өнер» деген сөзі бар. Дәрігер өз ісіне шынайы берілгендігін сөзбен емес, іс жүзінде дәлелдеуі тиіс. Сіздердің жасап жатқан зор еңбектеріңізді біз жақсы білеміз. Сол үшін алғысымызды білдіреміз» деді, ол өз сөзінде.

Алғыс арқалағандардың арасында Денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиологы Махаббат Бекбосынова, №3 қалалық перзентхананың бас дәрігер Дина Тұрақпаева, Түберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Бейбіт Бұлдыбаев, №8 қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Қасымова секілді майталман мамандар бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button