Жаңалықтар

АПТА АНЫҒЫ

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Үкіметі табыс декларациясын жаппай ресми жариялауды енгізбекші.

Осыған орай, жыл басынан бері 3194 адам табыс салығын жариялап та үлгеріпті. Олардың 3035-і аймақтарда, 99-ы орталық биліктің өкілдері екен. Бұл туралы мәлімет осы аптада республикалық басылым беттерінде жарияланды.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің көпшілікке осыдан үш жыл бұрынғы табысы ғана белгілі, әзірге. Министрлер кабинеті басшысының 2009 жылғы айлық жалақысы шамамен 700 мың теңгені құраған.

ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің 2009 жылғы табысы – 10 млн 863 мың 976 теңге. Министрдің атында Алматы, Астана қалаларында 4 бөлмелі пәтер, Алматыда бау-бақшаға арналған 6 сотық жер телімі бар екен.

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов 2008 жылы 5 млн 356 мың 965 теңге табыс тапқан. Банк депозитінде 6 миллион 883 мың 902 теңге қаржысы сақтаулы. Астана қаласында пәтері, жер телімі және Алматы қаласында саяжайы бар.

Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімовтің 2010 жылғы табысы 8 млн 459 мың 138 теңгені құрапты. Астана қаласында жеке пәтері, банктегі депозитінде 4 миллион 840 мың 206 теңге, банкомат карточкасында 3 миллион 949 мың 227 теңге қаржысы бар.

Мәжілісмен Мұрат Әбеновтің 2011 жылғы таза табысы 8 млн 990 мың 703 теңгені құраған. Оның ішінде таза жалақысы 8 млн 973 мың 063 теңге.
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің 2011 жылғы табысы 3,5 миллион теңге. Оның иелігінде қаладан бір пәтер мен жер телімі, 2007 жылы шыққан «Тойота Лэнд Крузер» көлігі бар.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның айлық орташа жалақысы – 443 мың теңге. Иелігінде Павлодар мен Астана қалаларында 4 бөлмелі пәтері бар.
2012 жылы мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының жұмысшылары, ұлттық компания мен мемлекеттік кәсіпорындар, ал 2013 жылы барлық жеке тұлға өзінің меншігі мен табысы туралы декларациясын жариялайтын көрінеді. Біз мұны ұдайы назарда ұстап отыратын боламыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button