Жаңалықтар
Апта ақпары
Мемлекет басшысының сала министрлеріне жүктеген әлемнің ірі қалаларымен әуе байланысын орнату жөніндегі міндетіне сәйкес, «Эйр Астана» және «Скат» компаниялары бірнеше халықаралық жаңа әуеқатынасын ашуды жоспарлап отыр.
Жыл соңына дейін «Астана – Ұлан-Батыр», «Астана – Бейжің», «Алматы – Сания», «Қарағанды – Үрімші» және «Шымкент – Үрімші» бағытында жаңа әуе желілері ашылатын болды.
Жыл басынан бері Президент тапсырмасына сәйкес «Астана – Ташкент», «Астана – Баку», «Астана – Санкт-Петербор» және «Алматы – Қазан» бағытында әуе рейсі ашылғанын айта кеткен жөн.