Жаңалықтар

АПТА БАСЫНДА КҮН САЛҚЫНДАЙДЫ

ERM_5155

Күннің күрт ысып кетуі Астана тұрғындарын таң­ғалдырып тастағаны рас. Мұндай жаймашуақ ауа райы ұзаққа сақтала ма деген сауалмен «Қазгидромет» орталығына хабарластық. Біздің сұрағымызға аталған мекемедегі Ауа райын қысқа мерзімге болжау бас­қар­масының басшысы Ардақ Кәлменова жауап берді.
– Бүгін температура 27 градусқа дейін көтеріледі. Жел де тынық. Есесіне ер­тең жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +14, түнде +11 градус. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Ал дүйсенбіде жауын-шашын мөлшері артып, күн салқындайды. Сейсенбі, сәр­сенбі күндері түнгі ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бірақ аптаның екінші жартысында ауа райы қолайлы қалыпқа көшіп, жел азаяды, – дейді маман.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button