Жаңалықтар

Апта болжамы


USA TODAY басылымы Қазақстан Лондон Олимпиадасында 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола алып, жалпы есепте 24 орынға тұрақтайды деп топшылап отыр.
Сонымен, кiм қай орыннан көрiнедi?
Бұл жайында басылым былай дейдi:
Бүкiл қазақ жанкүйерлерi сенiм артып отырған Илья Ильин украиналық Артем Ивановқа есе жiбередi-мыс.
Есесiне, Майя Манеза мен Светлана Подобедованы алтын алқа күтiп тұр. Зүлфия Чиншанло түрiк Айлен Дастелинге жол берiп, күмiс алады.
Боксшылардан Серiк Сәпиевтiң тұғырдың ең төрiнен көрiнетiнiне америкалық әрiптестерiмiз сенiмдi. Ал Әдiлбек Ниязымбетов пен Ғани Жайлауов қоладан үмiткерлердiң қатарында.
Дзю-додан Максим Раковқа ешкiм тең келмейдi. Грек-рим күресiнен Алмат Кебiспаев, үш қарғып секiруден Ольга Рыпакова алтын алуы мүмкiн. Ал, әйелдер күресiнен Жұлдыз Ишимова күмiс, грек-рим күресiнен Нұрмахан Тыналиев қола алады деген болжам бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button