Жаңалықтар

АПТА ДЕРЕГІ

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

Депутаттың дерегіне сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан жалпы саны 32 мыңнан астам адам көз жұмыпты. 166 мыңнан астам адам жарақат алған.

Адам шығыны жөніндегі бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде айтар болсақ, ауған соғысындағы Кеңес әскерінің шығынынан екі есе көп екен. Ауған соғысының 10 жылы ішінде 14 мыңдай адам көз жұмған. Демек, Қазақстан жолдарында осыншама адамның өліміне әкеліп соқтыратын күнделікті тоқтаусыз соғыс жүріп жа­тыр деп те айтуға болады.

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың жартысына жуығы республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда апатқа ұшыраған. Мәселен, 2011 жылы жол-көлік оқиғаларынан 2707 адам көз жұмса, оның 1113-і немесе 41 пайызы осындай жолдарда қаза тапқан.

Апатты оқиғалардың 10 пайызы жол төсемінің тарлығы мен бөліп тұратын тосқауылдың жоқтығы салдарынан көліктің қарсы бағытқа шығып кетуінен орын алған.

.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button