Жаңалықтар

АПТА ДЕРЕГІ

Осы аптада Астана қаласының Статистика департаменті сәуір айындағы нарықтағы бағалар рейтингін жариялады.

Өткен айда азық-түлік тауарларынның бағасы 0,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,5%, ақылы қызметтер бағасы 1,2%-ға өскен. Цемент 1,2, темекі өнімдері – 1, үй тұрмысына қажетті заттар, киім және аяқ киім, фармацевтикалық өнімдер 0,2 , бензин 3,7, дизель отыны – 3,5 пайызға қымбаттаған.

Жолаушылардың әуе көлігі қызметі 6,7, темір жол көлігі – 6,2, денсаулық сақтау саласының қызметі 0,9, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 0,8, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру – 0,7, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметі 0,3 пайызға артқан.

Электр энергиясының тарифі 6,5, сумен жабдықтау, кәрізге – 1, орталықтан жылыту қызметінің ақысы 0,5 пайызға қымбаттаған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button