Жаңалықтар

Апта отырысы

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде Парламент Мәжiлiсiнiң Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң көшпелi отырысы болып өттi.
Отырыс барысында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Әлеуметтiк-эконо­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында көзделген мiндеттердi орындау мәселелерi қарастырылды.
Сонымен қатар, отырыс барысында ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы Н.Әбiқаев депутаттарға қазiргi заманғы қауiп-қатерлерге қарсы iс-қимылдар, экономикалық және ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттiк шекараны қорғау саласындағы басым мiндеттер жайында әңгiмелеп бердi.
Жиынды қорытындылаған Мәжiлiстiң Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы М.С.Әшiмбаев өз сөзiнде елiмiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы құқық қорғау органдарының, министрлiктердiң, әкiмдiктер мен депутаттардың үйлесiмдi жұмыс жасауы қажет екенiн атап өттi.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button