Жаңалықтар

АПТА САПАРЫ

Осы аптада Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртуымен Қазақстанға келді.

Мемлекет басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық ұйымдар ауқымында өзара іс-қимылдар жоспарлады.

Сапар қорытындысында екі елдің мемлекет басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұдан бөлек Қазақстан мен Өзбекстан арасында реадмиссия туралы үкіметаралық келісімге және оны іске асыру тәртібі туралы орындау хаттамасына қол қойылып, 2000 жылы 7 шілдедегі екі ел үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары тура­лы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілді.

Айта кетерлігі, 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның өзара сауда көлемі 1,95 млрд АҚШ долларын құраған. Екі ел басшылары бұл көрсеткіштің 2010 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп екенін атап өтті.

Ал, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы тауар айналымы 925 млн АҚШ долларына жетіпті.

Ислам Каримов мемлекеттер арасында туындайтын мәселелерді дер уақытында шешу үшін жиі кездесіп тұруды ұсынды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button