Жаңалықтар

АПТА САУАЛЫ

2020 жылға дейін мектептегі дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесінің орнына 12 балдық жүйе енгізілмекші

Егер балаңыздың күнделігі кілең 12-ге толып тұрса, демек үздік оқитын болғаны.

Кейбір мұғалімдер мен атааналар баяғыдан келе жатқан 5 балдық жүйенің келмеске кетеріне наразылықтарын білдірсе, енді бірі оқушы білімін барынша шынайы бағалауға енді мүмкіндік туатынын айтуда.

  БІЛІМДІ 12 БАЛДЫҚ ЖҮЙЕМЕН БАҒАЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

Мария ШОҚЫБАСОВА, Астана қаласындағы №10 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «Астана таңдауы – 2012» байқауының жеңімпазы:

Қытайдың Үрімші қаласында «Қазақ мәдениеті» атты қытай тіліндегі журнал жарық көре бастады.

Журналдың қытай тілінде жарық көруі Шыңжаңдағы қазақтардың мәдениеті мен әдебиетінің үлкен жетістігі саналып отыр.

Басылым қазақтың әдебиеті, мәдениеті, этнографиясы және салт-дәстүрі жайында маңызды мәселелерді жариялап отыру арқылы қытай тілді қазақтардың өз ұлтын тануына жол ашып, Қытайда тұратын өзге ұлт өкілдерінің қазақ ұлты жөніндегі түсінігін тереңдете түспек.

Журналдың бас редакторы, ау­дармашы Қайша Тәбәракқызының айтуынша, ұлтымыздың мәдени мұрасы, ұлттық әдет-ғұрпы, ұлт ардагерлерінің өмірі арнайы айдар­лармен оқырманға ұсынылмақшы екен.

Мен биыл бірінші сыныпқа келген балаларға жетекші болып бекітілдім. Жасыратыны жоқ, балалардың мек­тепке дайындығы төмен. Бүгінгі күні Астанада балабақша тапшылығы өткір мәселелердің бірі екенін бәріміз білеміз. Мұның басты себебі сол, балалар мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленбеген. Үйдегі дайындықпен келгені көрініп тұр. Бірақ, мұғалімнің міндеті – баланың білімге деген құштарлығын ояту. Ізденуге үйрету керек. Осы орайда 12 балдық жүйемен бағалаудың пайдасы өте зор деп айтар едім. Неге десеңіз, бестік баға мен 12 деген бағаның арасы жер мен көктей. Білімінің 12-ге лайық екенін көрсету үшін оларға көп тер төгуіне тура келеді. Мәселен, мен елордалық оқушылардың жалпы білім деңгейін он екі балдық жүйемен алып қарағанда орташа 7-8 деген баға берер едім. Көрдіңіз бе, біз осы тәсіл арқылы да оқушылардың білімге деген құштарлығын оята аламыз.

Алайда бұл жүйеге көшудің өз қиындықтары жетіп жатыр. Бірнеше жылдарды талап етуі мүмкін. Баланың білімін он екі деңгейде бағалап шығу мұғалімге қиынға соғады. Бірақ, педагог ретінде бұл ба­стаманы құптарлық жағдай деп қабылдаймын. Себебі, бес балдық жүйе баланың білімін толық бағалай алмайды. Аздық етеді. Онымен қоштасатын уақыт жетті.

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның директоры:

Қайбір жылы Алматы мен Американың Тусон қаласы бауырлас атанып, ол жақтың оқушылары бізге келіп, біздікілер оларға барып, білім беру жүйесі бойынша біраз тәжірибе алмасқанымыз бар.

Сол жолы Американың білім беру жүйесінде біз үйренер үрдістердің көп екенін байқадық.

Мәселен онда мұғалімдер балаға тек білім берумен ғана айна­лысады. Ал, бізде ше? Білім беру де, тәрбие беру де мұғалімнің мойнындағы міндет. Америкалық білім беру жүйесінің тағы бір ерекшелігі,баланың білімін мұғалім емес, мектептен тыс арнайы топ құрылып, солар анықтайды екен. Сосын, білімі деңгейлес балаларды бір сыныпқа жинақтап оқытады. Бұл үлгерімі нашар оқушылардың алға ұмтылуына әсерін тигізеді. Бала нашар оқыса оған мұғалім емес, оқушының өзі кінәлі бо­лып саналады. Неге десеңіз, үздік оқушыға берілген дәріс оған да берілді емес пе? Көрдіңіз бе, әлемде біз үйренетін осындай заманауи әдіс-тәсілдер өте көп. Жақында өткен Тамыз кеңесінде білімді 12 балдық жүйемен бағалау керектігі жөніндегі мәселе көтерілгенін білеміз. Менің ойымша, мұндай әлемдік жүйеге көшер болсақ, оның тек бір ғана әдіс-тәсілін алып қана қоймай, жаңағыдай үрдістерді де жан-жақты енгізуіміз керек.

Бес балдық жүйе бізде әбден қалыптасып қалды. Тіпті, 12 бал­мен бағалау жүйесіне үрке қарап жүргендер де бар арамызда.

Егер жаңа жүйеге көшіп жатсақ, алғашында қиынға соғуы мүмкін. Бірақ, мұндай өтпелі қиындықтардан қашып, білімді бағалаудың заманауи талаптарынан бас тартуымызға тағы болмайды. Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы балаларымыздың аттестат, диплом­дарын әлемдік талаптарға сай етсек деген үмітіміз де бар.

Бес балдық бағалау жүйесі артық па, әлде 12 балдық жүйенің тиімді тұсы көп пе деген сауалдың жа­уабын уақыттың өзі көрсетеді. Өз басым 12 балдық бағалауды қолдайтындардың қатарындамын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button