Жаңалықтар

АПТА САУАЛЫ

«Аузындағы сағызын лақтырып тастағандарды ұстап, саусақ таңбаларын алыңдар. Алдымен ескерту жасаңдар. Екінші рет қайталаса айыппұл салу керек. Үшінші рет ұсталса, үш күнге қамаңдар»…

Мемлекет басшысының елорда тазалығын сақтауға қатысты бұл тапсырмасының айтылғанына аттай алты ай болды.

Тәртіп сақшыларына қаратып айтылған тап­сырма қаншалықты орындалып жүр? Көше тазалығын сақтамағаны үшін қолына кісен киген жан бар ма? Қарапайым халықтың бұған деген көзқарасы қандай?

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАМАҒАНДАР ҚАНДАЙ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛЫП ЖҮР?

Құралай ҚАРИНА, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

Жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 330-бабында көрсетілгендей, ұсақ бұзақылыққа қатысты 2232 хаттама толтырылды. Хат­тама негізінде тиісті айыппұлдар салынды, сонымен қатар, 64 адам қамауға алынды.

Ал, абаттандыру ережесін бұзушылыққа, яғни қала тазалығын сақтамаған жеке тұлғалар мен мекемелерге қатысты осы уақыт аралығында 11 511 іс тіркелді.

Үміт БЕКЖАНОВА, Ғылыми сараптама және талдау институтының аудармашысы:

Көше тазалығын сақтамағандардың заң алдында жауап бергендерін көріп те, естіп те жүрмін. Бір та­нысым аялдамада тұрып сөмкесіндегі қоқысын жерге тастағаны үшін айыппұл төлеп, әрең құтылды. Егер, көпшілік орында тазалық сақтауға адамның өздігінен санасы жетпейді екен, оны заңмен тәрбиелеуден өзге жол жоқ.

Кезінде ең криминалды болып саналатын Американың бір қаласында осы тәсілді қолданыпты ғой. Күнделікті өмірде байқала бермейтін осындай ұсақ-түйек қылмыстарды жою арқылы қаланы тәртіпке келтірген. Заңның жұмыс істегені де дұрыс. Бірақ, дәл осы мәселеге қатысты менің бір айтарым бар. Халықты тазалыққа шақырмас бұрын, қаланы қоқыс тастайтын жәшіктермен толық қамтамасыз етіп алғанымыз дұрыс сияқты. Жасыратыны жоқ, кейде әкімдіктің сайтына ауласында қоқыс салатын жәшік жетіспей талай тұрғын шырылдап хабарласып жатады. Тәртібін үлгіге алып отырған Америкада адам көп жүретін қоғамдық орын­дарда әр бес метр сайын қоқыс жәшігі қойылады екен. Бұл үйренетін үрдіс пе? Әрине!

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button