АПТА САУАЛЫ
Еліміздің Жол полициясы комитеті автокөліктердің ерекше мемлекеттік нөмірлерін ресми сату мәселесін көтеріп отыр.
Оларды сатудың тарифтік құны да белгіленді. Сонымен,
ЕРЕКШЕ НӨМІРЛЕР КІМНІҢ ЕНШІСІНЕ БҰЙЫРАДЫ?
Бақытжан БАЛТАШЕВ,
Жол полициясы комитетінің тіркеу мен емтихан жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы:
Бүгінгі күні біз нөмірлерді ерекше және жоғары сұранысқа ие нөмірлер деп екі категорияға бөлдік. Мұндай нөмірлердің жалпы саны жиырмаға жетті.
Оның ерекше саналатын санатына 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 нөмірлері жатады. Ал, жоғары сұранысқа ие нөмірлер деп 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 және 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 сандарын айтуға болады.
Біз осы екі категория бойынша олардың бағасы 1500-2500 АҚШ доллары аралығында белгіледік.
Бүгінде Үкімет қарауында жатқан заң жобасы күшіне енсе, қалаған әрбір адам есте сақталатын сандар мен әріптерді заңды түрде сатып ала алады.
Ал, әдемі нөмірді меншіктегендерден түсетін қаржы мемлекет қазынасына құйылады.