Жаңалықтар

АПТА САУАЛЫ

АСТАНАДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?

 

 

Бәтима ИСМАИЛОВА,
Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесі:

Ақ халаттылар жайында әңгіме қозғала қалса, әркім өз басына түскен оқиғасын тілге тиек етеді.
Біреулері дәрігерлермен арада болған кикілжіңдерді еске түсірсе, енді біреулері сол абзалдардың асыл қолдарының шипасын көргендерін ауыз толтыра айтады. Не десек те, өзге қалалармен салыстырғанда елорданың емдеу саласы көш ілгері. Өзім қызмет ететін Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің жанкешті жұмысы менің күнделікті көз алдымда өтіп жатыр. Стационар сонау Целиноград кезінде құрылған. Әйтсе де, аз уақыт бұрын пайдалануға берілген заманауи клиникалардан бір мысқал кем қызмет көрсетпейді.
Көлді балықсыз елестету мүмкін болмаса, стационарды да медбикесіз елестету мүмкін емес. Олардың жұмыстары қаншалықты жауапты болса, соншалықты қиын. Медицинаның орта және кіші қызметкерлерінің іс-әрекеттері үшін, бөлімнің дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз етіліп отыруы үшін, бөлімдегі емделушілердің көңіл-күйінің, денсаулығының бір қалыпты болуы үшін де жауапты. Мені ауруханаға түскен науқастардың дені біздің көрсеткен қызметімізге үнемі ризашылықтарын білдіріп жататыны қуантады.

 

 

 

Ақбөпе ХАЛИЛА,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың студенті:

Астанада студенттердің арнайы емханасы бар. Біз негізінен сонда барып қараламыз. Бір байқағаным, мұндағы мамандардың көбісі ұзақ жылдан бері медицина саласында тер төгіп келе жатқан білікті жандар. Студенттермен тіл табысуы, жалпы қызмет көрсетуі көңілімізден шығады. Алдағы уақытта студенттер емханасын жаңа ғимаратқа көшіреді дегенді естіп жатырмыз. Көшірген жағдайда студенттердің сапалы ем-дом алуына бұрынғыдан да мол мүмкіндіктер туатын болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button