Жаңалықтар
АПТА ШЕШІМІ
Жеңіс күні мерекесіне орай «Эйр Астана» әуекомпаниясының бірінші меншік ұшағына аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілетін болды.
«Embraer 190» әуекемесінің бортына ұшқыштың есімін жазу рәсімі шілде айында, әуекомпанияның меншікті ұшағы келгенде жасалмақшы.
Компания басшылығы мұны аңызға айналған қазақтың ұшқыш қызының ерлігіне деген ізет қана емес, бейбітшілік үшін соғысқан барлық ардагерлерді ұлықтау деп қабылдау керектігін айтады.