Жаңалықтар

АПТА ЗЕРТТЕУІ

«Айқын» республикалық қоғамдық газетінде жарияланған журналистік зерттеу мақаласына сүйенсек, тұрғындардан келіп түсетін сауалдарға жедел жауап беретін әкімдер тізімінінің көшбасында Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұр.

Бас қаланың басшысына, негізінен, баспана, балабақшадан орын алу мәселелеріне қатысты сауалдар жиі жолданады екен.

Ал, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің виртуалды қабылдауындағы жазбаларға қарап, оның  тұрғындар мәселесін көбінесе тиісті орындарға сырғыта салумен құтылатынын байқауға болатын көрінеді.

Ақмола облысы әкімінің блогына келген сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, баспана, үлескерлер мәселелесі төңірегінде екен. Блоктағы екі мыңға тарта сауалдың жетеуі ғана тіл мәселесіне қатысты болып шығыпты.

Ақтөбе облысының халқын жол мәселесі қатты алаңдататынға ұқсайды. Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмапты.

Есесіне, Атырау облысының сайты жаңа әкім Бақтықожа Ізмұхамбетовтің ай басынан бері блогқа бас сұқпағанын көрсетіп тұр.

Павлодар облысы әкімінің блогында да сұрақ көп, жауап жоқ.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының сайттары арқылы сауал жолдамақ былай тұрсын, оған кірудің өзі қолжетімсіз көрінеді.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің блогына бас сұғу жеңіл әрі қарапайым. Әкімдердің жауаптары да қысқа әрі нақтылығымен ерекшеленеді екен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button