Жаңалықтар

АПТА ЗЕРТТЕУІ

«Internet World Stats» аген­т­­­тігі кезекті зерттеу нәти­жесін жария-лады. Онда­ғы­ мәліметтерге сүйен­сек, Қа­­зақ­­­стан­да 5,6 миллион адам­ әлеуметтік желілерді күн­делікті пайдаланады екен.

Ең танымал әлеуметтік желі­лер­дің қатарында күніне 1 млн 125­ мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 525 мың рет қа­ра­латын  «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жат­­қызуға болады.

Есіңізде болсын, қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай кең аудиторияны әлі күнге дейін қамти алған жоқ.

Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ке кіреді екен. Өйткені, бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Агенттік ұсынған тағы бір қызықты дерек, әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты өтірік айтатын болып шыққан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button