Жаңалықтар

АПТА ЖАҢАЛЫҒЫ

Бұдан былай қазақстандық темір тұлпар иелері Жол полициясы тарапынан салынған айыппұлды банк карталары мен ұялы телефон арқылы төлей алады.

Халық банкі мен Интервэйл Қазақстан компаниясы MyPaykz  төлем жүйесі бойынша осындай мүмкіндік туғызып отыр.

«МАИ айыппұлдары» деген тармақты таңдап алу керек. Мұнда  айыппұл төлемінің екі түрлі нұсқасы қарастырылған. Біріншісі, жүргізуші куәлігінің мәліметтерін және ЖСН-ды енгізу арқылы, екіншісі, тәртіп бұзушылық туралы қаулы нөмірін, сериясын, күнін және  ЖСН-ды енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл қызметті MyPaykz  сервисі орнатылған ұялы телефон арқылы да пайдалануға болады.

МАИ айыппұлдарын төлеу функциялары бар жаңартылған қосымшаларды ОС j2me, Symbian, WindowsMobile, Android  үшін GooglePlay-дан жүктеп алуға болады. Сондай-ақ NokiaStore дүкені мен wap.mypay.kz. сайтынан да алуға болады. I-Phone үшін AppStore-де жарияланған қосымшаны жаңарту қажет.

MyPaykz қосымшасының көмегімен қазақстандықтар интернет, телевидение, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін ақы төлей алады. Таяу уақытта мұндай қызмет түрлерінің тізімі ұялы телефон арқылы салық төлеу, темір жол және авиа билеттері үшін ақы төлеу, сондай-ақ карточкадан карточкаға ақша аудару сияқты мүмкіндіктермен толықтырылады деген де мәлімет бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button