Мәдениет

Апта жаңалығы

«Балалық шағымның аспаны», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Көшпенділер» және «Бәйтерек» фильмдері түрік тіліне аударылды.

Осы аптада Ыстамбұлда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсаукесері өтті. Шараға Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Кемал Генч, Ыстамбұл қаласының басшылары, Түркиядағы қазақ диаспорасының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түрік тіліндегі дубляж Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің тапсырысымен жүзеге асыпты. Түрік көрермендері фильмді өте жылы қабылдағанға ұқсайды.

Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев «Балалық шағымның аспаны» фильмі түрік жұртшылығына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ, түрік тіліне аударылған «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Көшпенділер» және «Бәйтерек» фильмдерінің де түрік көрермендеріне ұмытылмас әсер қалдыратынын айтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button