Жаңалықтар

АПТАДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

Табиғи монополияларды рет­теу агенттігі Астана қалалық департаментінің директо­ры болып Бақтияр Аталықов тағайындалды. Б.Аталықов 2011 жылдың тамызынан бастап Табиғи монополияларды рет­теу агенттігі Астана қалалық департаменті басшысының орын­басары болған. Сонымен қатар, 2009 жылдан бастап аталмыш департаменттің бас сарапшысы қызметін де атқарған.

Республикалық «Литер» газетінің бас редакторы болып Қайсар Жаңаханов тағайындалды. Қ.Жаңаханов әр жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің жұртшылықпен және баспасөзбен байланыс бойынша бөлімінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және архивтер комитетінде, «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-да, «Астана» телеарнасында, ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінде т.б беделді қызметтерді атқарған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button