Жаңалықтар

Аптадағы ауыс-түйiс

«Ана мен бала» ұлттық ғылым орталығының басқарма төрайымы қызметiне Тамара Вощенкова тағайындалды.

Т.Вощенкова осыған дейiн «Ұлттық медицина холдингi» акционерлiк қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметiн атқарып келген болатын.
1982 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын педиатрия мамандығы бойынша тәмамдаған ол Қарағанды қаласының № 2 бiрлескен балалар ауруханасында учаскелiк педиатр, 1989 жылы осы аурухана бөлiмдерiнiң бiрiнде меңгерушi қызметтерiн атқарды.
Одан кейiнгi жылдары Қарағанды қалалық денсаулық сақтау бөлiмiнiң бас педиатры, «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бастығының емдеу-сауықтыру жөнiндегi орынбасары, Денсаулық сақтау вице-министрi қызметтерiн атқарған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button