Жаңалықтар

Аптадағы баға тұрақты

Апта басталғаннан бері елордадағы азық-түлік бағасында ептеген өзгерістер байқалады. Әсіресе, 12 тамызбен салыстырғанда 15 тамызда бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан (келісі) 133 теңгеден 136-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны 144 теңгеден 152-ге көтерілген. Ал құмшекердің бағасы тұрақты, ол 220-305 теңгеден саудалануда.

004

Тұрғындар көп тұтынатын макарон өнімдерінің бағасы 174-200 теңге аралығында болса, ақ маржанның құны(күріш) өңделген түрі 240-305 теңгені құрайды. Еттің бағасы да қалыпты. Мәселен, сиыр еті 1 200-1 348 теңге арасында болса, қой етінің құны 1 190-1 400 теңге шамасында. Тауық еті де 600-670 теңге аралығында сатылуда.
Жұртшылық майлылығы 2,5 пайызды құрайтын пастерленген сүттің – 191-195 теңгеге, айранды 205-225 теңгеге сатып алады. Өсімдік майының 1 литрі 380-450 теңге тұрады.
Әсіресе, жаз ортасынан ауа жеміс-жидектің бағасы әжептәуір төмендейтіні анық. Қаһарлы қыста құны аспандап тұратын картоптың бағасы 68-135 теңге болса, қырыққабаттың құны – 80-90, пияз – 68-109, қызылша – 90-132 және сәбіз 70-120 теңге аралығында саудаға түсуде. Кеше «Шапағат» коммуналдық базарында қызанақтың бағасы 201 теңгеге ептеп көтерілген.
Айта кетерлігі, Астанадағы ірі сауда орталықтарында ас атасы саналатын ұн өнімдері түрлі бағаны көрсетеді. Мысалы, «Рамстор» – 184, «SmaII» – 133, «Анвар» – 131, «5 минут» – 192, «Астықжан» – 167, «Орталық базарда» 150 теңгеден саудаланса, тек қана «Шапағат» базарынан ғана 97 теңгеге алуға болады. Қысқасы, осы аптадағы елордадағы азық-түліктің бағасы қалыпты деуге болады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button