Жаңалықтар

АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ СӨЗІ

«Лондонда өтетін олимпиададан үш алтын медаль алып келеміз»,– деп отыр біздің спорт мекемесінің басшысы Талғат Ермегияеев мырза. Қазіргі таңда республикамызға көптеген шетелдік спортшылар алып келдік. Мұны мен ашық айтамын. Олар – бүгінгі таңда алтын медаль алуға жарап тұрған спортшылар. Егер осы олимпиадада үш алтын медаль немесе одан да көп алсақ, соның басым бөлігін сырттан келген спортшылар еншілеп береді-ау деймін. Олимпиададан алтын алу – өте қиын жағдай. Ол, біріншіден, спорттың қай түрінен болса да, Алла тағаланың нұрына бөленіп, асқан талантты болып туылуы керек. Уақытында көзге түсіп, негізгі тәрбиеленетін жерге кешіктірілмей берілуі тиіс. Осы жағынан біз кеш қала береміз».

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Республикалық «Спорт» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері («Алаш айнасы» газеті)

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button