АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ СӨЗІ
Журналистер маған «Неліктен құрбан болған қайғылы адамдар өмірін көбірек жазасыз?» деп сұрақ қоюда. Менің әдебиеттегі негізгі ұстанымым – ғасырлардың қанды қасіретінен сабақ ала отырып, келешекке үміт жібін жалғау. Біз өткеннен дәріс ала отырып, бейбіт өмірді қалыптастыруға ұмтылуымыз керек. Бұл, өз сенімім бойынша, әдебиет арқылы жүзеге асады. Әлбетте Орталық Азияның мықты қалыптасқан дәстүрлі әдебиеті бар. Шыңғыс Айтматовтан бастап біраз жазушыларды оқып шықтым. Әттеген-айы, сол шығармалардың дені үмітсіздікке негізделген. Мәселен, айтулы «Ақ кеменің» өзінде баланың өзін суға тастауы секілді үмітсіздік бар. Керісінше, біз келешек ұрпақтың кеудесіне үміт отын ұялататын ой тастауымыз керек емес пе?! Неге біз үмітсіздікті жырлауымыз керек?
Харун ТОКАК, түрік жазушысы
(«Айқын» газеті).