Жаңалықтар

Аптаның атаулы күні

18 мамыр – халықаралық мұражай күні. 1977 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) XI бас конференциясының шешімімен белгіленген бұл мереке әлемнің барлық елдерінде атап өтіледі. Осы мерекеге орай алғаш рет 1997 жылы Германияның Берлин қаласында «Мұражайдағы түн» акция өткізіле бастады. Ал елімізде мұндай түнқатты шара 2006 жылдан бері қолға алынды.

«Атамекен» Қазақ­стан картасы» эт­но-мемориал­дық кешені «Мен және менің жанұям», «Мұра­жай – ұлттық құндылық­тар­дың орны» атты акциялар өтеді. Кешенге аста­налық үз­дік оқушылар ата-аналарымен бірге сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін тегін кіре алады. Кешен қызметкерлері келу­шілерді аңыздағы кейіп­керлердің кей­пін­де қарсы алады. Сон­дай-ақ «Үздік гид – экс­кур­сия жүргізу­ші – 2013» байқауы жеңімпаздарының ант қабылдау рәсімі өтеді.

Қазіргі заманғы өнер мұражайы Мұражай коллекциясынан құралған «Неформат» көрмесі ұсынылады. Көрмеге 1950-1977 жылдары жазылған Қазақстан, Ресей, Украина суретшілерінің көркемдік-тарихи құндылығы зор 17 туындысы қойылмақшы. Онда Исатай-Махамбет көтерілісі, Верный қаласындағы 20-жылдар бүлігі, революция көсемі В.Ленин, Ф.Дзержинскийлердің еңбекшілер алдындағы сөз сөйлеуі, алғашқы тың игерушілер, социалистік жарыстың жеңімпаздары, жаңа қоныстанушылар сияқты тарихи бейнелер мен уақиғалар қамтылған.

Әділбек ЖАПАҚ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button