Қала тіршілігі

АПТАНЫҢ ЕСЕП-ҚИСАБЫ

Астанадағы қоғамдық көліктер тәулігіне шамамен 515 мың жолаушы тасымалдайды екен.

 

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Астанада жолаушылар тасымалдау бойынша түрлі кемшіліктерге жол берген 845 кондуктор мен 467 жүргізуші жұмыстан шығарылыпты.

Астана қаласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 416,6 мың адамға етті. Оның 216 мыңнан астамы ерлер, 200 мыңдайы нәзікжандылар екен. Яғни, елордалық ерлердің экономикалық белсенділік деңгейі 78,5 пайызды, әйелдердің белсенділігі 65,9 пайызды көрсетіп отыр.

Есесіне, жыл басынан бері жұмыспен қамтылған жандар қатарында әйелдердің артқаны байқалады. Бұл орайда ерлердің үлесі – 90,5%, әйелдердің үлесі 94,1% құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеп, 30,7 мың адамды құраған. Соның ішінде ерлердің белсенділігі 96,6 пайызға жетіп, ал әйелдердің еңбекке белсенділігі 103,3 пайызға артып отыр.

Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы жоқ, жасы 15-тен жоғары, кез келген жұмысты атқаруға ниетті жандар бойынша) 23,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,7% құрады. Жұмыссыздықтың 51,7 пайызы ерлерге, 48,3 пайызы әйелдерге тиесілі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button