Елорда тынысы

АПВ-ға қарсы екпенің кері әсері байқалған жоқ

Елордалық мамандар АПВ-ға қарсы екпе туралы әзірге кері әсері байқалмағанын айтып отыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Қыркүйек айының ортасында Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпы вакциналау басталды.

Елімізде осы қауіпті инфекцияның таралу статистикасы қандай, бұл вирус не үшін қауіпті және неге екпе алу қажеттігіне қатысты біздің агенттік шолу жасаған еді. Толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады.

Бүгін елорданың Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен 11-13 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе егу шаралары бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды.

«Жыл басында жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы 11 жасқа толған қыздарды жалпы вакциналау туралы Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Қаулыда жоспарға сәйкес профилактикалық вакцинация туралы айтылған, оған сәйкес аталған вирустан қорғану мақсатында 11 жасқа толған қыздарға екпе егу жоспарланған. Бұл шешім елімізде әйелдер арасында күніне кем дегенде 2 онкологиялық дерттің анықталуымен байланысты болып отыр. Бүгінде аталған вакцинаны әлемнің 35 елі қолданып отыр. Соның арқасында АҚШ, Австралия елдерінде адам папиллома вирусының таралуы төмендегенін көрсетіп отыр», — деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, бүгінде елордада 11 жасқа толған 15 мың жас қыз жеткіншек аталған індетке қарсы вакцина алады деген жоспар бар. Қазірдің өзінде 3 мыңға жуық жасөспірім қыз АПВ-ке қарсы екпе алған.

«Әзірге вакцинадан кейінгі кері әсері байқалмады, оның үстіне ата-аналар қауіпсіздік мақсатындағы екпеге қатысты қарсылық танытып жатқан жоқ», — дейді маман.

Елорда тұрғыны, көпбалалы ана Гүлдана Тасмағамбетова балалардың қауіпсіздігі үшін аталған вакцинаны егу керектігін айтып отыр.

«Мен бес баланың анасымын, өзім 2009 жылы ақылы түрде вакцина алғам, себебі папиллома вирусының қаупі туралы, яғни жатыр мойны обырының залалы туралы жайтпен таныспын. Сондықтан індеттің алдын алдым. Вакцина бедеулікке алып келеді, сәби көтеру мүмкін емес деген бос әңгіме, шүкір, бес баланың анасымын. Оның үстіне бұл практика әлемнің дамыған елдерінде қолданылып келеді, оның үстіне біздің елімізде вакцина тегін. Бүгін қызымды вакцина егуге алып келдім», — дейді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button