Әлеумет

Ақ желеңділер абыройы

ZAH_3940

Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын осы аумақтағы емдеу мекемелерінде қажырлы еңбек етіп жүрген бір топ дәрігерді мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Еліміздегі халық денсаулығының жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң нәтижелерімен ерекшеленіп отырғанын айта келе, аудан басшысы соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердің жақсарғанын, атап айтқанда, бала туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыру мәселелерінде оңды нәтижелерге қол жеткiзілгенін, әсіресе, жұқпалы аурулардың азайғанын атап өтті.
– Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкердің жалпы санының 70-85 пайызы – әйелдер. Осының өзі-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен белсенділігінің күн санап артып келе жатқанын аңғартады, – деді Б.Сағын.
Одан әрі әкім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы салауатты әрі дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатында ең алдымен халықтың денсаулығын қорғау мәселесіне айрықша көңіл бөліп келе жатқанын алға тартты.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button