Ақбұлақ өзенінің түбін тереңдету жұмысы жүргізілді

Қаланың су нысандарының санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар аясында 2024 жылы Ақбұлақ өзенінде түбін тазарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс «Сәтбаев» көпірінен «Тәуелсіздік» көпіріне дейінгі аралықта орындалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазіргі уақытта Ақбұлақ өзенінің түбін тазарту барысында түбіндегі 85 мың текше метр шөгінді жиналып, оның 73 мың текше метрі шығарылды. Бұл жұмысқа 40-тан астам адам қатысты.
Түбін тазарту жұмысын жүргізудің мақсаты – Ақбұлақ ағынының түбін тұнба шөгінділерінен тазарту, бұл су айдынының санитарлық-техникалық және эпидемиологиялық жағдайын жақсартуға, судың сапасын арттыруға, сондай-ақ оның экологиялық балансын, флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге ықпал етеді.
Күтілетін нәтиже – судың түбін тұнба шөгінділерінен толық тазарту, оның тереңдігі мен өткізу жылдамдығын арттыру. Бұл жалпы су нысанының жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.