Мәдениет

Ақиқатты жырлаған ақиық ақын

Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» киносының көрсетілімі өтті. Фильмнің режиссері – Азамат Сатыбалды, Дархан Саркенов. Кинокөрсетілімді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=2101]

 

«Кино ақын Мұқағали Мақатаевтың 1973-1976 жылдардағы өмір кезеңдерін қамтыған. Бұл шараның мақсаты – өткен тарихымызды кино арқылы көрсетіп, жастарға насихаттау. Осы орайда «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» кинокөрсетілімін ұйымдастырып отыр­мыз» деді «Жас сарбаз» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Шараға «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптары қатысты.

              Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button