Тағзым

АҚИЫҚ АҚЫНДЫ АРДАҚТАДЫ

01

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына арналған «Сөз сарайынан маржан терген Қадыр!»  атты онлайн-конференция өтті.

Бұл басқосуға ақынның туған жері Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық кітапханасы, Алматыдағы Ұлттық кітапхана және Орал қаласындағы Жұбан Молда­ғалиев атындағы әмбебап ғы­лыми кітапхана қыз­мет­керлері мен бір топ әдебиетсүйер
қауым қатысты.

Тұғырлы тұлғаны еске алу кездесуін ұйымдастыруға мұрындық болып отырған ел­ордадағы Ұлттық кітапхана мамандары мен Алаш руха­ниятының ардағы туралы баянды сөз айтуға келген қонақтар алдымен осы шараға қатысып отырған кі­тап­хана­лармен онлайн-байланысқа шығып, Қадекең жайлы әсерлі әңгіме өрбітті. Әсіресе, ақынды көзімен көрген, қасында іні
болып жүрген Серік Тұрғын­бекұлы, замандасы Табыл Құлияс, Толымбек Әбдірайым, Елена Әбдіхалықова, Маржан Ершу секілді қаламгерлер халқының ардақтысына айналған тұлға туралы естеліктерімен ой бөлісті.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button