Мәдениет

Ақмарал алтын алды

Жапонияда пара дзюдодан өткен «Токио-2023 гран-при» турнирінде астаналық спортшылар 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды.

Байрақты бәсекеге 46 елден 181 спортшы қатысты. Жарыс­тың бірінші күні J2 санаты бойынша әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен астаналық Ақмарал Науатбек ақтық сында әзербайжандық Шахана Гаджиеваны таза жеңіспен ұтып, алтын медальға ие болды. Ал ерлер арасында 73 келі салмақта өнер көрсеткен елордалық Ерғали Шамей (J1) 3-орын үшін күресте жеңіске жетіп, қола жүлдегер атанды.

Жалпы бұл жарыста Қазақ­стан құрамында 18 спортшы өнер көрсетсе, оның 4-еуі Астана қаласының пара дзюдошылары болды. Атап айтқанда, Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Бауыржан Арыстанбеков, Асылан Нұрдәулетов ел намысын қорғады.

Гран-при ­жарысының же­ңімпазы Ақмарал Науатбектің жеке бапкері Айдын Анапин жеңістің кілті еңбекте екенін айтады.

«Бұл жарысқа еліміздің атынан 9 спортшы – J1, яғни көзі мүлде көрмейтіндер мен J2 – көзі нашар көретіндер санатында 9 спортшы қатыс­ты. Жарыс – келер жылғы Паралимпиадалық ойындар алдындағы лицензиялық жарыс. J2 санатында өнер көрсеткен шәкіртім Ақмарал Науатбек үш белдесу өткізді. Оның ішінде Азия чемпионатында есе жіберген өзбек елінің спортшысын ұтып, финалда Токио-2022 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Әзербайжан елінің спортшысымен белдесіп, жеңіске жетті. Біз жарыс алдында қарсыластарды зерттедік, оқу-жаттығу жиындарында тактикалық тұрғыда тыңғылықты дайындалдық. Ақмарал өз алдына қойған талаптың бәрін орындады. Еңбек өз нәтижесін берді» дейді чемпионның бапкері.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button