Ел тынысы

Ақмола облысына Астана қаласынан 85-ке жуық техника көмекке келді

Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астаналық аудандарға экскаватор, самосвал және тиегіштер бар 85-ке жуық техника елордадан көмекке келді. Бұл техникалармен Қосшы қаласының Тайтөбе кенті тұсындағы Нұра өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Марат Ахметжанов өңірде су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды барып көрді.

Қосшы қаласының 19 және 20 шағын аудандарында су тасқынын болдырмау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бұған құтқарушылар мен коммуналдық қызметтерден бөлек, 200-ге жуық ерікті, қоғам белсенділері және тұрғындар атсалысуда. Олар құм салынған қаптарды төсеп, бөгеттерді топырақпен нығайтып жатыр.

Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында Есіл өзенінің жағасы мен Безымянная бөгетінің сыртынан топырақтан тұрғызылған бөгетті нығайту және ұзарту жұмыстары тәулік бойы үзілісіз жүргізілуде. Оған 45 арнайы техника тартылған. Оның 25-і елордадан, 20-сы жергілікті техника. Бұған қоса, құм толтырылған 2 мың қап төселді, тағы осындай 3 мың қап әзірленді.

Түнгі уақытта Жібек жолы кентінде ағын судың деңгейін бақылау үшін мобильді бекеттер қойылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button