Жаңалықтар

Ақмола-Сарыөзен көшелеріндегі жол-жөндеу жұмыстарына байланысты көлік бағдары өзгерді

Елордада Ақмола – Сарыөзен көшелерінің қиылысында жол-жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №4, 34, 46, 71, 81, 102 (экспресс) бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

d9f506714e4d70888cdc2adf33f

№4 және №34 бағдарлар Тілендиев даңғылы – Сарыөзен көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ұлытау – Ақтөбе – Қайнар көшелері арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Қайнар – Ақтөбе – Ұлытау – Ақмола – Баршын – № 20-40 көшелері – Тілендиев даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша жүреді.

97ad6fff0a5d981a17f4fb33d8e

№ 46, 71, 102 (экспресс) бағдарлары Тілендиев даңғылы – Сарыөзен көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Тілендиев даңғылы – Баршын – Ақмола – Ұлытау көшелері арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Ұлытау – Ақмола – Баршын – № 20-40 көшелері – Тілендиев даңғылы, одан әрі қолданыстағы сызба бойынша жүреді.

f2b6ae4a97dce40fd75c6da0878

№ 81 бағдардағы автобус Тілендиев даңғылы – Сарыөзен көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сарыөзен, Ақмола көшелеріне кірмей, Тілендиев даңғылы бойымен жүреді. Кері бағытта да осы сызба бойынша жүреді.

132368cc68e6095134f3ae4df90

Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жоғарыда аталған бағдарлар қолданыстағы сызба бойынша жүретін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button